Өзін-өзі тану онкүндігі » №40 "Балауса" бөбекжай-бақшасы
Жамбыл облысы
Тараз қаласы әкімдігінің білім бөлімінің
№40 "Балауса" бөбекжай-бақшасы"
мемлекеттік коммунальдық қазыналық кәсіпорны
Қабылдау бөлімі :
+7(7262) 45-23-52
Есепші бөлімі:
+7(7262) 45-23-52
Нашар көрушілер
нұсқасы
17
февраль
2020

Өзін-өзі тану онкүндігі

Аталған онкүндіктің шеңберінде № 40 «Балауса» бөбекжай-бақшасында 2020 жылдың 03 ақпаны мен 12 ақпан аралығында іс-шаралар өткізілді.
Онкүндіктің мақсаты – балалар мен педагогтардың  адамгершілік-рухани тәрбиелеу жүйесін дамыту, олардың азаматтық мәдениет дағдыларын жетілдіру. 
3- ақпан күні онкүндіктің ашылу салтанаты болды. 04- ақпан күні Сара Назарбаеваның қызметі туралы, оның ішінде автордың жазған кітаптары мен қазақстандың педагог –гуманистердің шығармаларынан кітап көрмесі ұйымдастырылды.

«Радуга» мектепке даярлық, «Қоңырау» ересек топтарының тәрбиеленушілері «Ана» тақырыбында қолдан қағаздан жапсырып жасау арқылы аналарына сыйлық жасады. 6 - ақпан күні «Қайырымдылық жер бетінде!» атты хореограф Құдайберген А.С. флэшмоб өткізді.
7 -ақпан күні «Алтын жүрек анамыз» тақырыбында мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауда балалар «Ана», «Отан», «Достық» туралы өлеңдер оқып, сайысқа түсті, жеңімпаздар анықталып, марапатталды.

10- ақпан күні «Мейірімді жүрек» тақырыбында театрландырылған қойылым балалардың қатысуымен қойылды. 
11- ақпан күні музыка жетекшісі А.Жақсылықованың ұйымдастыруымен «Ән - көңілдің ажары» атты концерттік бағдарлама өткізілді.


11- ақпан күні дене шынықтыру нұсқаушысы Исаева С.К. «Жүректен - жүрекке» тақырыбында спорттық жарыс мектепке даярлық тобы бүлдіршіндері арасында ұйымдастырды.
12 -ақпан күні өзін-өзі тану мұғалімі Асембекова Ш.Т. балаларға бүгін Сара Назарбаеваның туған күні екендігі туралы ақпарат бере отырып, ересек топ балаларымен «Сүйіспеншілік өмір негізі» тақырыбында ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.
Бұл онкүндіктің өткізілуі балалар бойында білім, білік, дағды және қабілеттер, сүйіспеншілік, ата-анаға деген сыйластық сезімін қалыптастыруға  негіз болады, сондай-ақ басқа да тұлғаларға көмек пен қолдау көрсету қабілетіне ие болуға ықпал етеді. Адамгершілік-рухани тәрбие және білім балаларға дүниеге сеніммен шаттана қарау және өз жетістікте сенімді болуға, тәрбие және білім алу процесінде тиімді әлеуметтенуге көмектеседі.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив