25
март
2021
Наурыз мерекесіне арналып іс-шаралар өткізілді. "Ұлттық ойын ұлт игілігі" тақырыбында орыс тілі мұғалімі Ортаева Раушан Омурзаковна өткізді.
№ 40 «Балауса» бөбекжай-бақшасында 2021 жылдың 16 -19 наурыз аралығында наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жоспары жасалып, өткізілді. 17-18 наурыз күндері «Наурыз тойы –мерекем, салт-дәстүрім берекем» тақырыбында кіші, ересек, мектепалды даярлық топтарында ойын-сауықтар музыка жетекшісі Тотанбаева Назерке Пернебекқызы тәрбиешілермен біріге отырып, өткізді. Әр жас ерекшеліктеріне байланысты жеке-жеке өткізілді. Әр топта 15 баладан болды.
18 наурыз күні «Наурыз нұры» тақырыбында бейнелеу өнері жетекшісі Утарбаева А.К. сурет көрмесін жасады. Мектепалды даярлық «Қоңырау» тобының балалары тақырыпқа байланысты суреттер салып, жұмыстарын көрмеге қойды. 10 бала наурыз мерекесіне арнап суреттер салып, өз ойларын сурет арқылы жеткізді.
19 наурыз күні «Бар тіршілік наурыздан басталған» атты ұжым қызметкерлері сенбілік жасап, айналаның барлығын тазалады.
19 наурыз күні «Әр жанұядан бір ағаш» -ата-аналар бақшамызға жеміс ағаштарын әкеліп егіп, көркейтуге үлесін қосты.
19 наурыз күні «Наурыз -көктем» атты фотокөрме ұйымдастырылды. Фотокөрмеге наурыз мерекесіне арналып өткізілген барлық іс-шаралар суретке түсіріліп, ілінді. Балалармен өткізілген ойын-сауық, ұлттық ойындар, әндер, билер суретке түсірілді.
Қорытынды. 15 наурыздан бастап 19 наурыз аралығында бөбекжай-бақшамызда наурыз тойы әртүрлі іс-шаралармен тойланды. Балалар, педагогтар, ұжым қызметкерлері барлығы ұлттық нақышта киініп, өнер көрсетті, ұлттық ойындар ойналып, салт-дәстүрлерді көрсетті. Арақашықтық, санитарлық талаптар толық сақталды. Балалардың, педагогтар мен кіші қызметкерлердің қызығушылығын оята отырып, барлығының түгелдей қатысуы қамтамасыз етілді.